ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

Үржар ауданындағы дебат ойындары

Опубликовано 31.01.2018.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Ректорының қолдауымен Жастар саясаты орталығы және «Асыл Арна» дебат клубының Үржар ауданының «Благодарное» орта мектебінде «Рухани жаңғыру: Ұрпақтар игілігінде» атты дебат ойындары ұйымдастырылды.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Ректорының қолдауымен Жастар саясаты орталығы және «Асыл Арна» дебат клубының ұйымдастыруымен Благодарное орта мектебінде «Рухани жаңғыру: Ұрпақтар игілігінде» атты дебат ойыны өткізілді. Ойынға 30-дан астам фракция қатысты. Ойында қозғалған тақырыптар: Цифрлық Қазақстан, Елбасының жыл сайынғы жолдаулары, Қазіргі жастардың қоғамдық орындағы мәдениеттері; Білім жүйесіндегі өзгерістер мен толықтырулар жайында әр түрлі ойлар айтылды.

Жалпы, ойын іріктеу кезеңі мен фмналдық кезеңнен тұрды. Іріктеуден өткен 10 фракция бақтарын сынады. Ойын қорытындысы бойынща пікірсайыс ережесін жақсы сақтап, шешендік өнерлерін айқын көрсете білген «ЖасStar» фракциясы 1 орынды, «Болашақ» фракциясы 2 орынды иеленді.  «Эврика» фракциясы 3 орынды қанағат тұтты, сондай-ақ «Үздік спикер» номинациясы бойынша «ЖасStar» фракциясының лидері Айдарбеков Жақсылық атанды. Жеңген командаларды жеңістерімен құттықтаймыз!