Жаңалықтар

Информатика және математика кафедрасының студенттері Болгариядағы халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

Опубликовано 05.02.2018.

КазГЮИУ ақпараттық технология және экономика факультетінің «Информатика және математика» кафедрасындағы «Электроэнергетика» мамандығының 10 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында София техникалық университетінде семестрлік оқудан өтті. Біздің студенттеріміз үшін маңызды бағдарлама дайындалды, студенттер Болгар елінде қызықты экскурсияларға қатысып қайтты.

ҚазГЮИУ студенттері волейбол, футбол, үстел теннисі, спорттық би сынды спорт секцияларына және университеттің спорттық өміріне белсенді қатысады.

Сондай-ақ біздің студенттер AUTODESK INVENTOR-мен 3D модельдеу бойынша олимпиадаға қатысты. 25 қатысушының ішінде біздің студенттер жақсы нәтижелер көрсетіп, соның ішінде: Қолдасов Қ. 2-орын, Әбсамат Е. 11-орын, Пернебеков Ө.  5-орын иеленді.

Студенттер оқу үрдісін қызықты өткізді, болгар халқының тілі мен мәдениетімен, және София техникалық университетінің басқа да шетелдік студенттерімен танысты.