Жаңалықтар

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті мен Алтай мемлекеттік университеті: өзара халықаралық ынтымақтастық жалғасуды.

Опубликовано 06.02.2018.

КазГЮИУ бірнеше жылдар бойы Алтай мемлекеттік университетімен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайтуда және жыл сайын экономика, қаржы, география, тарих, филология, биотехнология мамандарын даярлау мақсатында бірлескен білім бағдарламалары мен жобаларды жүзеге асыруда.

30 қаңтарда Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің басшылығы мен Алтай мемлекеттік университетінің педагогика және психология факультетінің деканы Л.А. Любимова және доцент Я.В. Смирновамен  кездесу өтті.

Педагогикалық мамандықтар бойынша академиялық және ғылыми ынтымақтастық мәселелері: студенттерге арналған академиялық ұтқырлық бағдарламаларын әзірлеу, дәріс оқу үшін ғалымдарды шақыру және оқытушылардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру кең ауқымда талқыланды. «Педагогика және психология» мамандығының бакалавриат және магистратура бағыты бойынша бірлескен білім бағдарламаларын жүзеге асыру сұрақтарына ерекше көңіл бөлінді.