Жаңалықтар

КазГЮИУ-да халықаралық SES Аға сарапшылар қызметімен бірлескен бағдарлама бойынша (Германия мемлекеті, Бонн қаласы) презентация өткізілді.

Опубликовано 06.02.2018.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетімен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға SES аға сарапшылар қызметі үлкен үлес қосуда.

SES сарапшылары Африка, Азия, Латын Америкасы, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа және Германия мемлекеттерінде қызмет атқарады.

SES сарапшыларының біліктілігі мен тәжірибесі тұрақты экономикалық және қоғамдық дамуға септігін тигізуде.

2018 жылдың 1-ші ақпанында SES Аға сарапшылар қызметінің маманы Наталья Костюк SES  қызметінің негізгі бағыттары,  мамандарды шақыру және Қазақстанның түрлі салаларымен өзара әрекеттесу тәжірибесі туралы презентация өткізді.

Соңғы 3 жыл аралығында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне: Питер Штрубен Білім бағдарламаларын интернационалдау орталығының көптілдік лабораториясында КазГЮИУ қызметкерлерінің және шет тілін оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін, Питер Рыбарчук ақпараттық технологиялар және экономика факультетіне оқытушылардың біліктілігін «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласында арттыруға шақырылған еді.

SES сарапшылармен орнатылған ынтымақтастықтың оң нәтижелерін ескере отырып, біздің университет білім сапасын басқару, стратегиялық жоспарлау саласындағы мамандарды шақыруды қарастыруға ұсыныс жасады.