ЖаңалықтарМаркетинг бөлімі

КазГЮИУ жобасы: мектептер – әлеуметтік желілерде

Опубликовано 08.02.2018.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы жолдауында: “Сонымен қатар мемлекеттік органдар нақты уақыт және жедел жауап беру режімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдануға тиіс.” деп көрсетілген.

Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында КазГЮИУ мен Семей қаласының Білім беру бөлімі арасында бес бағытта – мектептерге әлеуметтік желіде парақшаларын ашу және оны дамыту ; құқықтық сауаттылық; IT-технологияларды үйрету және көшбасшылық қасиеттерін дамыту ; КазГЮИУ-дің Бизнес-Инкубатор бағдарламасымен бизнес дағдыларын үйрету, – бойынша Меморандумға қол қойылды. 2018 жылдың 15 қаңтарынан бастап КазГЮИУ маркетинг бөлімі мамандары осы жұмыстарды жүзеге асыруға кірісті.

2018 жылдың 17 қаңтарында №12 мектепте 2-ші «Әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері» тақырыбында, КазГЮИУ – дің маркетинг бөлімінің SMM-менеджері Салыков Асхат семинар-тренинг жүргізді.