ЖаңалықтарКазГЮИУ бизнес инкубаторы

КазГЮИУ болашақ көшбасшыларды тәрбиелеуде

Опубликовано 08.02.2018.

Тəуелсіз елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ. Еліміздің жарқын болашағы білім нəрімен сусындаған, парасат-пайымы мол, жоғары мəдениетті көшбасшылық қабілеттері жоғары дамыған жастардың қолында.

Осы орайда 2018 жылы 5 ақпанда Қазақ  инновациялық гуманитарлық- заң университеті және «Жас заңгерлер достастығы» Қоғамдық Қоры, Семей қаласы білім басқармасының қолдауымен №3, №9, №11, №12,  №15, №18, №19, №20, №21, №22, №32, №34,  №38, №47, №48 жалпы орта білім беретін мектептердін Ұлан басыларына арналған көшбасшылық мектептін алғашқы кезені басталды.

Іс-шара барысында ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететін интерактивті оқыту әдістері, пайдалы ақпарат пен бейнематериалдар пайдаланылды.  Әрбір қатысушы өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды.