ЖаңалықтарКәсіптік бағдарМаркетинг бөлімі

Курчатов қаласында кәсіби бағдарлау жұмысы

Опубликовано 08.02.2018.

2018 жылдың 2 ақпанында Курчатов қалалық мәдениет үйінде «Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған қала жастарымен кездесу өтті.

Кездесуге Курчатов қаласының №1, №2, №3 және №4 орта мектептерінен барлығы екі жүзден астам оқушы қатысты.

Біздің университет өкілдері мектеп оқушыларына КазГЮИУ туралы жаңа бейне роликті көрсетті. Сондай-ақ, біздің университет туралы оқулықтар (буклеттер) таратылды.

Курчатовтың оқушылары біздің университеттің өкілдеріне гранттарға, стипендияға, әскери кафедра және оқу ақысына байланысты сұрақтарын қойды және өздерінің сұрақтарына толықтай жауаптарын алды.

Осы іс-шараға КазГЮИУ атынан КазГЮИУ-дың жастар саясаты орталығының жетекшісі – Акабаева Мадина, Маркетинг бөлімінің SMM-менеджері – Салыков Асхат, Маркетинг бөлімінің IT-менеджері – Смаков Адлет қатысты.