ЖаңалықтарКазГЮИУ бизнес инкубаторы

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың басты іс-шарасы

Опубликовано 08.02.2018.

2018 жылы 26 қаңтар – 02 ақпан аралығында  Қазақ  инновациялық гуманитарлық- заң университеті және «Жас заңгерлер достастығы» Қоғамдық Қоры Семей қаласы білім басқармасының қолдауымен №18, №19, №20, №39, №22, №32 жалпы орта білім беретін мектепте 9-11 сынып оқушыларына, 306 адам қамтылған «Әлеуметтік желідегі құқықтық жауапкершілік» атты семинар- тренинг өткізді.

Семинар-тренинг құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жастардың құқықтық сауаттылығын артыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Іс-шара барысында ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететін интерактивті оқыту әдістері, пайдалы ақпарат пен бейнематериалдар пайдаланылды.

Әрбір оқушы өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды. Болашақта әлеуметтік желіні пайдалану барысында, құқықтық сауатты жастарымыз болатынына сенімдіміз.