Жаңалықтар

Алаш арыстары – ар алдаспаны

КазГЮИУ PhD докторанты Садыкова Раиса Төлеуқызы, заң факультетінің 4 курс студенті Семей қаласы Жастар мәслихатының депутаты Бақтыгазин Ернар Амангелдіұлы, Семей қаласының № 18 жалпы орта білім беру мектептің Алаш қайраткерлердін атауын өзгертуге  ұсыныс жасады.

Тарихын білмеген елдің болашағы да бұлыңғыр демекші, қазіргі таңда туған елінің тарихын білу әркімге де парыз. Болашақ ұрпақтын тәрбиесі,өз ұлтының нағыз жанашыры, өз тарихын, әдебиетін, тілін білетін азамат етіп қалыптастыру ісі қолға алынуда. Бұл бағытта № 18 жалпы орта білім беру мектебінде Семей қаласы Жастар мәслихатының қолдануымен «Алаш арысы – ар алдаспаны» атты әдеби – танымдық кеш ұйымдастырылды. Іс шараға Семей қаласының №18, №26, №8 мектеп оқушылармен ұстаздары,кітапханашылары қатысты.

Әдеби кеш барысында  Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің PhD доктарантты Садыкова Р.Т «Алаш бекзаты» атты Халел Ғаббасовқа арналған монографиясын таныстырып өтті. Алаштын бекзаты Халел Ғаббасов өмірінен қызықты мағұлматтар беріп, тың  деректер келтірді. Раиса Төлеуқызы осындай іс- шаралардың көптеп өткізілсе деген ниетін білдіріп, № 18 мектептін кітапхана қорына өз кітабін сыйға тартты. Алаш қозғалысының 100 жылдығына қарай мектеп атауын алаш қайраткерлеріне өзгертуге ұсыныс жасады. Жас Отан жастар қанатының белсенді мүшесі Сымбат Сарсембаева Семей қаласында Алаш үкіметіне қатысты болған тарихи оқиғалармен, тарихи орындар тізбегін жасап өтті. Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің  студенті, Семей қаласы Жастар мәслихатының депутаты Ернар Бақтыгазин Алаш орда үкіметінің  қазақ тарихында алатын орнымен маңызын сөзге тиек етіп, жастарымызға тарихын ұмытпай, ертеңгі күннің тұтқасын ұстар азамат екендігін баса көрсетті.

Кеш қортындысы бойынша мектеп оқушылары Алаш үкіметіне қатысыты ойларын ортаға салып, өнерлерімен бөлісті.