ЖаңалықтарКазГЮИУ бизнес инкубаторы

Enactus КазГЮИУ командасы жаңа жеңістерге дайын

Қаңтар айының 26 мен 31 жұлдыздарында Алматы қаласындағы «Ақ-бұлақ» шипажайында “Enactus Winter Camp 2018” іс-шарасы өтті.

Бизнес-лагерь мақсаты – жастардың білімін және қаржы саласындағы сауаттылығын  арттыру, стартап жобаларын, маркетинг, жобалық менеджмент және бизнес инновацияларға қызығушылықтарын арттыру.

Қысқы бизнес және көшбасшылық мектебіне Enactus КазГЮИУ командасы мына құраммен қатысты: Диас Смагулов «Бизнес инкубатор» орталығының басшысы, заң факультетінің  3-ші курс студенті Асанәлі Капанов, ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің 2 курс студенттері Эльдар Сабырбаев және Айнара Мұқтарова.

Іс-шара барысында олар Қазақстанның танымал және табысты менеджерлер мен алғы шептегі компаниялардың басшыларының “Raimbek”, “KPMG Kazakhstan and CentralAsia”, “Шеврон”, “AsiaWaters” сауда маркасының “ВодаТұран”, “BeelineKazakhstan” және  т.б. семинарларын тыңдап келді.

Enactus КазГЮИУ командасы үздік нәтижелері мен стартап және жобалық менеджмент, бизнестің қысқы мектебін қарқынды сәтті аяқтағандарына орай дипломдармен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, Enactus КазГЮИУ командасы 2017 жылы 28 сәуір күні Алматы қаласында өткен Enactus Kazahstan National Expo 2017 стартаптар және инновациялар студенттік кәсіпкерлік Ұлттық кубогында І орын иеленген болатын. https://clck.ru/Ch7ya

Сонымен қатар Enactus КазГЮИУ командасы Enactus World Cup-2017 әлем кубогінде Қазақстанды таныстырып, нәтижесінде лигада 3 орынды иеленді. //www.kazguiu.kz/ru/2017/10/03/nashi-v-londone-kazguiu-pobeditel-enactus-world-cup-2017/