Жаңалықтар

Информатика және математика кафедрасының ұйымдастыруымен КазГЮИУ студенттері арасында «Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев» өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді

Опубликовано 12.02.2018.

2018 жылдың 10-шы ақпан күні, КазГЮИУ студенттер үйінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевқа 87  жыл толуына орай Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

Сайыстың мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу. М.Мақатаветың өлеңдері мен әндері арқылы студенттерді әсемділікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сайыста 4 студент жүлделі орындарға ие болып, мадақтамалармен және арнайы сыйлықтармен мараптатталды.

1-орын: Қали Дария

2-орын: Нұрлыбаев Өмірзақ Г-123

2-орын: Мұратова Аяулым Г-129

3-орын: Қалжан Сара