Жаңалықтар

Заң факультеті ҚҚП кафедрасының теория мен тәжірибені үйлестіруі

ҚР ШҚО Семей аймағы бойынша Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері: КазГЮИУ ЗФ ҚҚП кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор Е.К. Утебаев пен аға оқытушы, құқықтану ғылымдарының магистрі Р.Х. Темиргазин кезекті рет  ОВ 156/16 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне барып қайтты.

Сонымен, 2018 жылдың 9 ақпан күні ҚБК мүшелері болып табылатын ҚҚП кафедрасының ПОҚ теория мен тәжірибені үйлестіру мақсатында заң факультеті «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқитын Ю-316 және Ю-314 топ студенттерінің құрамында: Ахметкалиева Айгерим, Ержанова Азиза, Санаганаеа Ерсын, Нургазинов Нариман, Талгатов Темирлан, Мусагазинов Манас, Акылгалиева Зауреш, Суюшпаева Алма ҚР ШҚО ҚАЖД ОВ-156/16 мекемесіне барды. Мекемені аралап өту барысында, студенттер: сотталғандарды ұстау жағдайларымен танысты; сотталғандардың қойған сұрақтарына КазГЮИУ заң факультеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары берген заң кеңесін тыңдады; осы мекеме қызметкерлеріне өз сұрақтарын қойып, олардың берген жауаптарымен қауіпсіздігі барынша төмен мекемелеріне, яғни қоныс колониясына қатысты өздерінің теориялық білімдерін тәжірибемен үйлестіріп, толыққанды ақпарат алды.

Сонымен қатар, әкімшілік корпустың ішкі тәртіп ережесімен, жатақханамен, асханамен, айналасымен, спорт алаңымен және т.б. осы мекеменің құрамына кіретін шаруашылық құрылыстарымен танысты.