ЖаңалықтарКазГЮИУ бизнес инкубаторы

Көшбасшы бол

Семей қаласында 2017 жылдан бастап «Foх» трениг оқыту орталығы жұмыс істейді. Бұл жобаның негізін қалаушылардың бірі – біздің түлек – Толенов Аслан.

2018 жылдың 15 қаңтарынан бастап 19 қаңтарына дейін Семей қаласында «Неліктен көшбасшы болу керек?» тақырыбы аясында – Foх оқу орталығында тренинг өткізілді.

Тренингке Семей қаласының 24 жалпы білім беру мектептерінен 900 оқушы қатысты.

Aслан Enactus командасының көшбасшысы бола отырып, КазГЮИУ командасын жинап, Enactus National Expo-2017 атағына қол жеткізді,     сондай – ақ  Ұлыбритания астанасы Лондонда өткен  Enactus World Cup 2017 халықаралық аренадағы жүлдеге ие болды.

Жастар көшбасшысы – Толенов Асланның тренингтері күн сайын 14:00-ден 18:00-ге дейін КазГЮИУ Кәсіпкерлік бизнес-инкубаторында өтеді.

Қатысуға мүдделі барлық адамдарды шақырамыз, бизнес-инкубатордың мекен-жайы – Ленин көшесі 11.    Біз сіздерді күтеміз.