Жаңалықтар

КазГЮИУ-де ғылыми және оқу үдерісін цифрландыру жұмыстары жүргізілуде

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауында «Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек» деп айтылған болатын.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде студенттер мен оқытушылардың әлеуетімен ғылыми және оқу үдерісін цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

“Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығының 4 курс студенті Тасқынбаев Аманбек Базарбекұлы, математика және информатика кафедрасынң аға оқытушы Жумабаева Асима Асқарбаевна және математика және информатика кафедрасының меңгерушісі Карипжанова Ардак Жумагазиевна “ЖОО оқытушыларының ғылыми жарияланымдарының деректер базасын сақтауға арналған веб-портал” атты авторлық құқықпен қорғалатын объектіге ҚР Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды.

ҚазГЮИУ-дың ғылыми басылымдарының дерекқоры университеттің ресми сайтымен біріктірілген және оған nauka.kazguiu.kz субдомені берілді.

Бұл портал ғылыми жарияланымдар туралы ақпарат жинауды оңтайландыруда, ғылыми деректерді басқаруды жетілдіруде үлкен жетістікке қол жеткізді. Бұрын әр кафедра ғылыми жарияланымдар туралы ақпаратты жинап, оны ғылыми бөлімге тапсырды, онда жиналған деректер университеттің жалпы нәтижесін шығару үшін қолмен біріктірілді, ал қазір бағдарлама коды әрбір автор, кафедра, факультет бойынша бірнеше секундтың ішінде жағдайды көруге мүмкіндік береді.

Ғылыми деректерді жариялау көздері  бойынша (РИНЦ, Scopus, ККСОН) сұрыптауға болады. Порталдың ішкі пайдаланушылары (КазГЮИУ оқытушылары) әріптестерінің басылымдарымен таныса алады және одан әрі бірлескен сілтеме үшін пайдалануға болады.

Порталдың жоғарыда аталған артықшылықтары пайдаланушыларға жоғары сапалы талдауға, қызметкерлердің, құрылымдық бөлімшелердің әлеуеттік резервін анықтауға, ақпаратты өңдеуге арналған үлкен уақыт шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.