Жаңалықтар

Елбасы Жолдауы – болашақ кепілі

Опубликовано 19.02.2018.

2018 жылдың 15 ақпанында «Педагогика және психология» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайдындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын  насихаттау мақсатында «Елбасы Жолдауы – болашақтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «Педагогика және психология» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, философия және саясаттану кафедрасының меңгерушісі М.М.Түйебаев, «Педагогика және психология», «Психология», «Бастауыш оқытудың әдістемесі мен педагогикасы» мамандықтарының 1-3 курс студенттері қатысты. «Адами капитал – жаңғыру негізі» бағытындағы білім беру саласына қатысты міндеттердің мазмұны туралы оқытушылар мен студенттер өз пікірлерін, көзқарастарын ортаға салып, қызу талқылады. «Серпін» бағдарламасымен білім алып жатқан студенттер Елбасының Жолдауы болашаққа нық сенімммен қараудың бастамасы екенін, оларға серпіліс беру құралы іспеттес екендігін білдірді.