Жаңалықтар

КазГЮИУ оқытушылары қалалық семинарға қатысты

Опубликовано 19.02.2018.

Ақпан айының 14 – ші жұлдызында №38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде өткен «Жаңартылған білім мазмұны аясында заманауи технологияларды қолдану барысында бастауыш сынып мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибелерін тарату» атты тақырыптағы семинарға Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Лекерова А. А., Ердембекова Д.А., Оралова А.Ш. қатысты. Семинардың мақсаты – қазіргі заманауи талапқа сай жаңартылған білім аясында озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу. Аталған мектептің озық жетекші мұғалімдері: Х. В. Дюсенбинова 3 «б» сыныбы, Л. А.. Вальцева 1 «а»  сыныбы, 2 «ә» К.Н. Нукубаеваның сабақтарына қатысып, университет оқытушылары өз пікірлерімен бөлісті. Алдағы уақытта осы мектеп мұғалімдерін университетке шақырып, студенттермен «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәні, критериалды бағалау мәселесін тәжірибе жүзінде жүргізілу барысы бойынша «шеберлік сыныбын» өткізу жоспарлануда.