ЖаңалықтарКазГЮИУ бизнес инкубаторы

Семей қаласында мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттырудың екінші кезеңі басталды

Опубликовано 19.02.2018.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының 2018 жылғы 10 қаңтарында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» бойынша білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы мәселесі әрқашанда, қандай қиын қыстау заман болмасын кез келген халықты алаңдататын мәселе. Оның себебі бүгінгі жасөспірімдер елдің, ұлттың ертеңгі болашағы болып табылатындығында. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін біз осындай ауқымды тақырыпты тандап, қолға алдық.

2018 жылы 15 ақпанда Қазақ  инновациялық гуманитарлық- заң университеті және «Жас заңгерлер достастығы» Қоғамдық Қоры Семей қаласы білім басқармасының қолдауымен  құқықтық сауаттылықты арттырудың екінші кезеңінің шенберінде №9 жалпы орта білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық» атты семинар- тренинг өткізді.

Семинар- тренинг құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жастардың құқықтық сауаттылығын артыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Іс-шара барысында ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететін интерактивті оқыту әдістері, пайдалы ақпарат пен бейнематериалдар пайдаланылды.

Әрбір оқушы өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды. Болашақта құқықтық сауатты жастарымыз болатынына сенімдіміз.