Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысы ЖОО мен колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері құқықтану пәндері бойынша біліктілікті арттыру курстарын өтті

Опубликовано 20.02.2018.

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты 2018 жылдың 7 мен 16 ақпаны аралығында заң факультетінде «Заң пәндерін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері» модулі бойынша курс өткізді.

Курсты жүргізуге Қазақстан-Американдық еркін университетінің құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты доцент Юлия Александровна Гаврилова шақырылды.

Курс барысында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті мен Қазақстан-Американдық еркін университеті арасында ғылыми байланыстар жөнінде шартқа қол қойылды.

Курстың негізгі мақсаты –құқық пәндерін жүргізетін оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру табылады.

Курсқа ШҚО облысының ЖОО мен колледждерінің оқытушылары және мектеп мұғалімдері қатысты.

Курс барысында жаңа интерактивтік технологияларды қолдану жолдары көрсетілді, тыңдаушылар жобалар жасап оны курс нәтижесінде қорғады.

Курс қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.