ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

КазГЮИУ студенттері Тарбағатай ауданы әкімінің марапатына ие болды

Опубликовано 23.02.2018.

19.02.2018 ж. Тарбағатай ауданының әкімі Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлының Семей қаласының жоғары оқу орындары мен колледждарында оқитын студенттермен кездесуі өтті.

Тарбағатай ауданының әкімі Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлының Семей қаласының жоғары оқу орындары мен колледждарында оқитын студенттермен кездесуі өтті.

Кездесуге Тарбағатай ауданының Құрметті азаматтары да шақырылды. Іс-шара барысында Тарбағатай ауданының әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен перспективалары туралы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы, кадрлардың қажеттілігі туралы сөз қозғады.

КазГЮИУ университетінде білім алып жатқан студенттер: Ильясова Ақмарал Қалқаманқызы, Зейнетғазина Аяулым Зейнетғазықызы, Қайратова Іңкәр Қайратқызы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы белсенді азаматтық ұстанымы, жастар арасында қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны және оқуда үздік үлгерімі үшін әкімінің Алғыс хатымен марапатталса,  Болатова Жансая Болатқызы, Каммунаұлы Әліби, Оралхан Гүлнұр, Смағұлов Нұрболат, Ерназарова Әйгерім сынды студенттеріміз бағалы сыйлықтарға ие болды. Сыйлыққа ноутбуктер берілді.

Жиынға шақырылғандар жастарды өз аймақтарының дамуына үлес қосуға, жоғары оқу орындарында алған білімдерін әрі қарай туған жердің гүлденуіне ат салысуға шақырды.