ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

«Асыл Арна» командасы Республикалық дебат ойындарынан II жүлделі орынды иеленді

Опубликовано 01.03.2018.

 

17-18 ақпан 2018 ж. Түркістан қаласында Қ.Р Президентінің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған «Болашағымыз бірлікте» Яссауи кубогі атты ІІ Республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Түркістан қаласында Қ.Р Президентінің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған «Болашағымыз бірлікте» Яссауи кубогі атты ІІ Республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Ойынға 77 фракция, 200 ден астам спикер қатысты. Шығыс Қазақстан облысы атынан Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті,  «Асыл Арна»   дебат командасы қатысты. Команда мүшесі «Филология» мамандығының 1 курс студенті Турғалиева Сымбат және «Биотехнология» мамандығының  1 курс студенті Аманғалиқызы Әйгерім.

Турнирдегі мақсат –логикалық ойдың, тың идея бастамаларының тіл арқылы көрінісін көрсету.

Аталған іс- шара нәтижесінде «Асыл Арна» дебат командасы жүлделі 2 орынды иеленіп, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Студенттерімізді жүлделі жеңісімен құттықтап, биік шыңдарды бағындыруын тілейміз!