ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

«КазГЮИУ құрамасы» Республикалық «Сарыарқа Life» Бірінші лигасына жолдама алды

Опубликовано 01.03.2018.

5-10 ақпан 2018ж. Астана қаласында  «Маусымашар 2018» Жайдарман Фестивалі өтті. Жайдарман ойындарына Қазақстан бойынша 594 команда тіркеліп, оның  260 командасы ойынға қатысты.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің атынан «КазГЮИУ құрамасы» керемет ойын көрсетті.  2017 жылы құрылған «КазГЮИУ құрамасы»- Семей қаласында өткен «Маусымашар 2017» фестивалінің «Маусым жаңалығы» номинациясының иегері, қалалық Жоғары лига финалисті. Команда құрамында гуманитарлық факультеттің студенттері Бадриттенова Замира, Байгалиева Айтолқын, Исаев Арлан, ақпараттық технологиялар және экономика факультетінен Дұрысбай Ерасыл, заң факультетінен Сәметов Ринат бар.

Ойын нәтижесінде КазГЮИУ құрамасы  «Жоғары рейтинг» сертификатымен Қарағанды қаласында өтетін Республикалық «Сарыарқа Life» Бірінші лигасына жолдама алды.