ЖаңалықтарМаркетинг бөлімі

КазГЮИУ-дің 20 жылдығына арналған cимволикалық эмблема конкурсының нәтижелері

Опубликовано 01.03.2018.

КазГЮИУ – дің 20 жылдығына арналған символикалық эмблема конкурсы 2018 жылы 23 – ші қаңтар күні өзінің бастауын алған. 23 ақпанда жеңімпаз анықталып бас жүлде ретінде 35.000 теңге өз иесін тапты. Жеңімпазды ұйымдастыру комитеті профессор – оқытушылар құрамының  арнаулы фокус-интервью арқылы анонимді және ашық дауыс беруі арқылы  анықтады.

Конкурсқа – профессор – оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар, докторанттар белсене қатысып, 16 символдық мерейтой эмблемасы нұсқасын ұсына отырып, университеттің дәстүрі мен тарихын көрсете білді.

Конкурсқа қатысқан барлық авторларға алғысымызды айтамыз. Ұсынған эмблемалардың ішінде, үздік болып танылған авторлар:        Айгерим Агадилова, Канат Калиев, Турдыкул Шанбай және Қымбат Нұрланқызы, Зумрат Маулекеев,Информатика мамандығының 1 курс докторанты Алханова Г.А., Информатика және математика кафедрасының оқытушысы Айдынқызы Мөлдір,Смаков Адлет.

Ұсынылған жобалар ішінде маркетинг бөлімінің IT-менеджері Смаков Адлеттің нұсқасы таңдалып алынды.

– Сонымен, КазГЮИУ-дің 20 жылдығына арналған символикалық эмблемада шексіздік түрінде келтірілген 20-саны дизайнында дамудың, жаңарудың және өсудің символы болып табылады. Бұл университеттің қазіргі кезде әлемде инновациялық дамуға ұмтылуын көрсетеді.Эмблемадағы шексіздік турінде келтірілген 20-санының ішінде КазГЮИУ-дің логотип орналасқан. Символикалық эмблеманың төменгі жағында университеттің ұраны,үш тілде жазылған (КазГЮИУ моя жизнь; КазГЮИУ менің өмірім; KazGUIU me life).

Түсі жағынан бұл символикалық эмблеманың ресми логотипке сәйкес келеді және қолданылған алтын түсті реңк КазГЮИУ үшін алтын уақыттың нұсқасы ретінде бейнеленген.

 

Смаков Адлеттің символикалық эмблемасына ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі Акпаров Каныш сарапшылық бағасын берді:
«Қоңыр түсі табиғатты (орман немесе жердің көлеңкесін) көрсетеді, ол үлкен жылы түс, қарапайымдылық пен үйлесім сезімін тудырады.
Тыныштықпен қатар қоңыр түс – маңыздылық пен жауапкершілікті білдіреді. Символикалық эмблемада ұсынылған ақпараттың нақты құрылымы бар; университеттің стиліне сәйкес жасалған. Автордың, тақырыпты мұқият және егжей-тегжейлі талдағанын көруге болады. Символикалық эмблема жақсы позитивті және түпнұсқалық сюжеттің құрамымен бірегей болып шықты. Сондай-ақ, символикалық эмблемада күрделі фигуралар мен жазбалар жоқ».Демек, символды эмблема(логотиптерге) қойылатын талаптарға сай.                        20 жылдықтың символикалық эмблемасы енді әлеуметтік желілерде,телеарнадағы барлық ішкі және сыртқы  жарнамалық материалдарда, фото-бейне материалдарда, сувенирлық өнімдерде қолданылады. Атап өтетін ерекшелік , Астана қаласының 20-жылдығының мерейтойлық эмблемасымен КазГЮИУ – дың 20 жыл мерейтойлық эмблемасы үйлесімді екенін айта кету керек.

Осы сілтеме арқылы конкурс жайлы көруіңізге болады: http://www.kazguiu.kz/kz/2018/01/31/kazguiu-din-20-zhyldygyna-orai-simvolikalyk-emblemaga-konkurs-zhariyalaimyz/