ЖаңалықтарКазГЮИУ бизнес инкубаторы

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұсыну

«Жас заңгерлер достастығы» қоғамдық қоры жастардың құқықтық және сайлау мәдениетін арттыру, Шығыс Қазақстан облысының жастары арасында діни экстремизмнің алдын алу және жемқорлыққа қарсы күрес бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырма аясында ұйым 20-дан астам әлеуметтік маңызы бар жобалар мен 50-ден астам құқықтық іс-шараларды, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен өткізілді.

2018 жылдын 6 наурызында Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің қабырғасында заңгер мамандығының студенттері арасында «Жас заңгерлер достастығы» ҚҚ ұйымдастыруымен әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұсыну тақырыбында іс- шара өтті.

Іс-шараға КазГЮИУ, СМК және Инновациялық колледж студенттері қатысты. Қала, облыс денгейіндегі құқықтық мәселелерін шешудің тиімді жолдарын ұсынылған 6 маңызды әлеуметтік жобалар болды.  Іс-шара соңында студенттерге арнайы сертификат табысталды және келесі отырыс күні белгіленіп, тапсырмалар берілді.