Жаңалықтар

Дөңгелек үстел «КазГЮИУ – Астананың құрдасы»

Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің 20 жылдық мерекесінің сәйкес келуіне орай Қазақ инновациялық заң университетінде 23 ақпан 2018 ж. «ҚазГЮИУ – Астананың құрдасы» атты Республикалық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел университет ректоры, с.ғ.д, профессор Құрманбаева Шырын Асылханқызы кіріспе сөзімен басталды. Экономикалық, рухани, ғылыми орталық ретінде Астананың тарихы мен Қазақстан қоғамының дамуындағы рөлін қарастыра отырып, КазГЮИУ-дің 20 жылдық тарихына тоқталып өтті.

Модераторлар:

Матаева  Майгүл Хафизқызы,  заң ғылымдарының докторы, КазГЮИУ профессоры, Түйебаев Махмұт  Мамырбекұлы, философия ғылымдарының кандидаты, КазГЮИУ профессоры.

Дөңгелек үстелде мына мәселелер қарастырылды:

  1. КазГЮИУ Шығыс Қазақстан аймағының білім және мәдени орталық  ретінде қалыптасуы.
  2. Заң факультеті КазГЮИУ–нің негізі.
  3. Астана КазГЮИУ үшін ғалымдар дайындау ұстаханасы.
  4. Астанада бастау алған дәстүрлі шаралар КазГЮИУ- қабырғасында
  5. Астанадағы КазГЮИУ түлектері.
  6. КазГЮИУ-нің негізін қалаушылар.
  7. КазГЮИУ–гі әскери кафедраның қалыптасуы.
  8. «Ақылды қала» Астана – «Ақылды университет» КазГЮИУ.
  9. КазГЮИУ–нің 20 жылдығын мерекелеу Концепциясы.

КазГЮИУ-нің 20 жылдық эмблемасының тұсау кесері.

Дөңгелек үстелге Республикамызға белгілі ғалымдар, университеттің профессор-оқытушылық құрамы, университетіміздің ардагерлері, Семей қалалық әкімшілік өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде 20 жыл аралағындағы ҚазГЮИУ профессорлық оқытушылық құрамының ғылыми еңбектерінің оқу-әдістемелік көрмесі ұйымдастырылды.