Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті (Семей қаласы) «Ғылым мен    тәжірибенің интеграциялануы – қазіргі  қоғамның тиімді даму тетігі ретінде»    атты  студенттердің, магистранттардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады. Конференция 2018 жылдың  6-7  сәуір күндері аралығында өткізіледі.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Қылмыстың алдын-алуы: қылмыстық құқықтық, криминологиялық, қылмыстық іс жүргізушілік және криминалистикалық аспектілері (жауапты хатшы: Темиргазин Р.Х., e-mail: temirgazin@gmail.com)
  2. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің флагманы ретінде

(жауапты хатшылар: Тлемисова Ж.М., e-mail: jansaia.86@mail.ru.,  Джунусова Д.С., e-mail: dds-1991@mail.ru);

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші индустриялық революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» Жолдауының аясында қаржы секторын қайта жандандыру (жауапты хатшы: Алтаева А.К, e-mail: akolya_2008@mail.ru)
  2. Қазақстанның жаңғыру жағдайында педагогикалық-психологиялық ғылымдарды дамытудың жаңа мүмкіндіктері (жауапты хатшылар: Кундакова А., Ладзина Н.А., e-mail: didar_4590@mail.ru)
  3. Қазақстан Республикасында инновациялық дамудың азаматтық-құқықтық негіздері (жауапты хатшы: Сейфиева А., e-mail: asem_semey2008@mail.ru)
  4. Қазіргі жаһандану жағдайындағы қазақстандық қоғамды жаңғырту: тарихи-географиялық аспектілер (жауапты хатшы: Табулдинова А.М. e-mail: tabuldinova2017@mail.ru)
  5. Мемлекеттік құқықтық институттарды жетілдірудің заңды тетіктері: заманауи зерттеулер (жауапты хатшы: Смоилов С.Ж ., e-mail: smoilovs@maul.ru)
  6. Білім берудегі инновациялық үдерістер мен ақпараттық технологиялар (жауапты хатшы: Бекенова Д. Б, е-mail: dariy6a@mail.ru)
  7. Биология және биотехнологияның заманауи мәселелері (жауапты хатшы: Иващенко О.В., е-mail: oly-bai@mail.ru)
  8. Жаһандану кезеніндегі рухани жаңғыру мәселелері (жауапты хатшы: Султанова А., е-mail: araisultanova93@gmail.com);
  9. Отандық тіл білімі жəне тарихи-əдеби процесс: зерттеу мəселелері мен келешегі (жауапты хатшылар: Касенова З.К, e-mail: zarina_404@mail.ru., Төлеужанқызы М, e-mail: meruert.toleuzhankyzy@mail.ru)

 

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу үшін өтініш пен баяндама материалын 2018 жылдың          сәуірдің 02 дейін кешіктірмей  конференция жұмысының негізгі бағыттары бойынша жауапты тұлғалардың электронды пошталарына жіберілу қажет.

Конференция жұмысы ҚазИГЗУ басты әкімшілік ғимаратында өтеді. Мекен-жайы: Ленина 11 к-сі, (акт залы), 4-қабат, сағат 10.00.

Өтінімдер мен баяндама тезистерін электронды пошта бойынша бір хабарламамен жібере алады («Хабарлама тақырыбында» – «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің конференциясына ___ (қатысушының тегі)___»). «Хабарлама тақырыбын» орыс тілінде толтыруыңызды сұраймыз, өйткені пошталық бағдарламаларда қазақ тілі қаріптері танылмайды.

Бір автордан (авторлар тобынан) секцияда сөз сөйлеу үшін бір баяндама тезисі ғана қабылданады.

Конференция материалдарына қойылатын негізгі талаптар:

3 беттен (беттері нөмірленбейді) аспайтын материал барлық жағынан 2,0 см қалдырылып, «Word» мәтіндік редакторымен, «KZ Times New Roman» немесе «Times New Roman» кеглімен, №12 шрифт және 1 интервалмен терілуі тиіс. Баяндаманың тақырыбы жол ортасында бас әріптермен, 1 бос интервалдан кейін жол ортасына авторлардың аты-жөндері, университеттің атауы,қаласы жазылуы тиіс. 1 бос интервалдан кейін автордың тобы, курсы және мамандығы көрсетіліп, 2 бос интервалдан соң абзац арқылы мәтін жалғасады. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада [1, 33-б.], әдебиеттер тізімі пайдалану ретімен рәсімделеді.

Конференция материалдары қағаз және электрондық нұсқаларда шығарылады.

Конференция материалдар жинағында тек жүлделі (1,2,3) орын алған және “Мақаланың ең үздік қорғаушысы”, “Мақаланы ең үздік ұсынушысы” атағына ие болған жобалар ғана жарияланады.
Мақаланы бастырып шығару құны 500 теңге. Бұл шығынға электронды нұсқада жинақ материалдарын дайындау мен конференцияны ұйымдастыру кіреді. Семей қаласының жүлдегерлері жинаққа төлемақыны секциялар бойынша жауапты адамдарға береді. Өзге қала қатысушы-жүлдегерлері төлемақыны қалаға келген кезде немесе КазИГЗУ-тің төменде көрсетілген есеп-айырысу шотына жібереді:

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

БИН 980440002042

Кбе 17

РНН 511700061447

ИИК KZ249260301112931003

БИК KZKOKZKX

Басқа қалалардан қатысушылардың жол, тұру және тамақтану шығындарын қатысушыларды жіберу жағы төлейді.

Конференцияда баяндама жасау туралы барлық сұрақтар бойынша қатысушылар тиісті секциялардың жауапты хатшысына хабарласуы сұралады.

 

БАЯНДАМА ТЕЗИСТЕРІН РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ

КОММУНИКАТИВТІ ТАКТИКАЛАРДЫҢ РӨЛІ

 

Еликбаев А.Б.

Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Ақтөбе қаласы

211 тобы, 2 курс, мамандық «_____»

 

Баяндама тезистерінің мәтіні

 

 

Өтініш формасы

  1. Қатысушының аты-жәні
  2. Оқу орны
  3. Тобы, курсы және мамандығы
  4. Ғылыми жетекшісі (аты-тегі, ғылыми дәрежесі (атағы)
  5. Телефон, e-mail
  6. Баяндаманың тақырыбы
  7. Секциясы
  8. Қатысу формасы (тікелей немесе сырттай)
  9. Техникалық жабдықтар (иә, жоқ)
  10. Түбіртекті (есеп айырысу шотына төленгенде) қоса тіркеу
  11. Тұратын орынмен қамтамасыз ету (иә, жоқ)