Жаңалықтар

Психология апталығы

Педагогика және психология кафедрасы 12-16 наурыз аралығында КазГЮИУ-дың 20-жылдығына арналған «Психология апталығын» өткізеді. 12 наурыз күні сағ.12.00-де аталған іс-шараның ашылуы болып, оған гуманитарлық факультеттің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

«Психология апталығының» мақсаты: факультет студенттері мен профессорлық-оқытушылық  құрамның адам өміріндегі психологияның ролі туралы түсініктерін дамыту. Психологиялық үйірмелердің жетекшілері «Жан әлемі» магистр, аға оқытушы Ш.О.Орынгалиева, «Психологиялық ғылым және қазіргі жастар мәселелері» магистр, аға оқытушы Н.В.Кононов 2-3 курстың Г-216, Г-215 «А», Г-309, Г-316 топ студенттерімен бірлесіп, яғни студенттік үйірме мүшелерімен апта бойы түрлі терапевтикалық әдістерді қолданып психологиялық тренингтер, ойындар, ағартушылық және алдын-алу шараларын өткізеді.

Алғашқы күннің бағдарламасына енген «Менің ерекшеліктерім» психологиялық тренингін Г-215А топ студенттері М.Тұрғанбек, Ш.Разбекова, «Оқу стрессімен күрес» жүйке-бұлшықет релаксациясын, Г-216 топ студенттері П.Черникова және М.Айтпекова, «Ой мен ойын» іскерлік ойынын Г-215 «А» студенттік топтан Б.Маратова, А.Ержанова, Е.Жұмабаева, А.Нұрланова өткізді. Факультеттің оқу топтарының арасында «Психология – ғажайып әлемі» тақырыбында үздік қабырға газетіне сайыс жарияланды. Алғашқы күн шығармашылық атмосферада өтті, студенттер өткізілген іс-шараға белсенді қатысып, жағымды эмоцияларымен бөлісті.