Жаңалықтар

Мәскеу профессоры КазГЮИУ-де!

Сарапшы – лингвист, д.ф.н, профессор Борисова Е.Г. 2018 ж. 12-17 наурыз аралығында тіл мамандықтары студенттеріне дәріс оқыды.

2018 жылдың 12-17 наурыз аралығында Мәскеу қалалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Борисова Елена Георгиевна  филология кафедрасында дәріс өткізді. Борисова Елена Георгиевның кәсіби және сарапшылық еңбек өтілі өте үлкен (41 жыл) және Халықаралық прагматикалық қауымдастық  мүшесі.

Ол ұзақ жылдар бойы А.С.Пушкин атындағы орыс тілінің мемлекеттік университетінде және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде, Халықаралық жарнама университетінде, Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономика университетінде, Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық  университетінде орыс тілі, семантика, грамматика, жарнама тілі, қоғам байланысының негіздері, саяси коммуникация тілі және т.б. пәндерден сабақ берді.

Е.Г. Борисова 150-ден аса ғылыми жұмыстың, соның ішінде монографиялардың, оқулықтардың, ағылшын және неміс тіліндегі мақалалардың, баспасөз бен Интернет желісіндегі мақалалардың авторы, телеарна мен радиода жиі сөйлейді.

Елена Георгиевна «Қазіргі прагматиканың өзекті мәселелері» деген тақырыпта дәріс оқыды. Дәріске студенттер қызығушылықпен қатысып, профессордың сұрақтарына жауап беріп, сауалнамаға қатысты.

Мәскеу қалалық педагогика университеті мен біздің университетіміздің байланысы аяқталған жоқ деп санаймыз және екі жақ болашақта ғылым саласы мен педагогикалық қызмет барысында бірлесіп жұмыс жасауға арналған ұзақ мерзімді келісімге қол қойды.