ЖаңалықтарТәжірибе

Құттықтаймыз! КазГЮИУ «Экономика» мамандығының студенті Муратова Айман ҚР Ұлттық экономика министрлігі және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде кәсіби тәжірибесін аяқтады!

2018 жылдың 15 қаңтарынан бастап 25 наурызына дейін «Экономика» мамандығының 4 курс студенті Мұратова Айман Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде кәсіптік тәжірибеден өтті. Кәсіби практиканың нәтижесінде ол «өте жақсы» деп бағаланды. Құттықтаймыз!

Муратова Айман:
«Мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінде тәжірибеден өттім. Тәжірибе өте жемісті және маған өте пайдалы болды. Мен экономикада көп тәжірибе жинақтадым. Мені кәсіптік тәжірибе барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне ауыстырды. Осының арқасында, мен заң жобаларын қабылдау бойынша жұмыс топтарына қатыстым, Депутаттардың мемелекеттік манызы бар сұрақтарды қарсатырғаны қызықты болды. Тәжірибе барысында мен ақпараттық-құқықтық базамен жұмыс істеуді, маңызды келіссөздер жүргізуді және құжаттармен жұмыс істеуді үйрендім. Сонымен қатар мен заң техникасын үйрендім. Атқарушылық және заң шығарушы билікті ішінен көру және олардың құрылымен танысу мен үшін ерекше болды. Менің тәжірибе жетекшім болған ҚР Парламент Мәжілісі комитетінің бас кеңесшісі Әубәкіров Бибісар Қамбатбекқызына ол маған кез келген уақытта маған көмектесуге дайын және қажетті нәрселерді түсіндіріп, әр кезде көмектескені үшін үлкен алғыс білдіремін. Менің ұжымым өте ұйымшыл болды. Олар кез-келген уақытта және кез келген мәселе бойынша қол ұшын беруге дайын болды. Менің тәжірибемнің соңында олар мені дипломмен жұмысқа шақырды. Қорытындылай келе, менің тәжірибем ұзақ уақыт бойы есте қалатының айтқым келеді. Бұл тамаша тәжірибе мен үшін өмірлік сабақ болды. Осындай үлкен мүмкіндік берген университетіме үлкен алғыс білдіремін».