ЖаңалықтарКазГЮИУ бизнес инкубаторы

Шығыс Қазақстан облысының тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорларының орынбасарлары, тәлімгерлер және педагог-ұйымдастырушылар біліктілікті арттыру курстарын өтті

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты Семей қ. Білім бөлімімен және КазГЮИУ-дің «Бизнес-инкубаторымен» бірлесіп 2018 жылдың 26 наурызынан 30 наурызы аралығында «Жеткіншек жастағы балалармен жұмыс істеудің қазіргі инновациялық технологиялары» модулі бойынша тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорларының орынбасарларына, тәлімгерлерге және педагог-ұйымдастырушыларға  арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

Курс аясында жеткіншек жастағы балалармен жұмыс істеудің технологиялары, әртүрлі шараларды ұйымдастыру ерекшеліктері, көшбасшылық негіздері және құқықтық сұрақтарды талдау мәселелері ашылды.

Курсты «Бизнес-инкубатор» қызметшілері өткізді.

Курстың негізгі мақсаты – инновациялық технологияларды қолдануға үйрету.

Курсқа ШҚО облысының тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорларының орынбасарлары, тәлімгерлер, педагог-ұйымдастырушылар қатысты.

Курсты оқыту барысында тиімді интерактивті тәсілдер қолданылды.

Курс қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.