Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысының мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары біліктілікті арттыру курстарын өтті

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты Репетиторлық мектеппен бірлесіп 2018 жылдың 26 наурызынан 30 наурызы аралығында Репетиторлық мектептің 5-жылдығына арналған «Мектеп оқушыларының білімдерін, дағдылары мен құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді жолдары ҰБТ-ға нәтижелі қатысудың факторы ретінде» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар аясында келесі біліктілікті арттыру курстары өткізілді:

  1. Математикалық сауаттылық;
  2. Жаңарту шеңберінде Қазақстан тарихын оқытудың әдістемесі;
  3. Дүниежүзі тарихы: оқытудың әдістемелік сұрақтары;
  4. Физиканы оқыту ерекшеліктері.

Курсты Репетиторлық мектептің тәжірибелі ұстаздары өткізді.

Курстың негізгі мақсаты – жаңарту шеңберінде мұғалімдер мен оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру болып табылады.

Курсқа ШҚО облысының мектептері мен колледждерінің мұғалімдері мен оқытушылары қатысты.

Курсты оқыту барысында тиімді интерактивті тәсілдер қолданылды.

Курс қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.