Жаңалықтар

Ұлы драматург В.Шекспирдің туған күніне арналған кездесу

Рыбченко-Демьяненко Е.С., Гайнуллина Ф.А., Бурнашова Н.Ф., Долгушева Т.В., Благова О.С., Кныш И.С., Нугуманова Б.Б., Кайдарова Б.М. , Борщ К.А., Касенова З.К. филология кафедрасының оқытушылары ұлы драматург В. Шекспирдің туған күніне арналған кездесу ұйымдастырды. 4 сәуірде гуманитарлық факультетте «Шекспир – наш современник» атты іс-шара өтті. Студенттер қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде сонеттер оқыды. Ромео мен Джульетта, Юлий Цезарь туралы эссе жазып, стенгазеттер шығарды. Келген қонақтар А.А. Куманина Шәкәрім СМУ оқытушысы, Абай атындағы кітапхана қызметкері Р.К. Адикаева сөз сөйлеп, КазГЮИУ университетінің филология кафедрасының оқытушысы Р.М.Муқажанова В.Шекспирдің еңбегіне арналған өзіннің ғылыми зерттеу жұмыстары туралы айтып берді. Үш конкурс нәтижесі бойынша әділқазылар алқасы жеңімпаздарды марапаттап, оларға бағалы сыйлықтар берді. Іс-шара өте қызықты өтті.