Жаңалықтар

«Ғылым мен тәжірибиенің интеграциялануы-қазіргі қоғамның тиімді даму тетігі ретінде» атты студенттердің, магистранттардың, докторанттардың халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференциясының «Білім берудегі инновациялық үдерістер мен ақпараттық технологиялар» секциясы бойынша жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз !

06.04.2018 ж. «Информатика және математика»кафедрасында «Білім берудегі инновациялық үдерістер мен ақпараттық технологиялар» секциясы бойынша конференция өтті. Конференцияға барлығы 10 ғылыми мақала ұсынылды.Барлық мақалалар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Ғылыми-тәжірибиелік конференция соңында кафедра меңгерушісі Құрманбаев Е.А. 1, 2 және 3 орын алған мақалалардың авторларына конференция мәжілісінде мадақтамалар мен дипломдар тапсырды.
Конференцияның қорытындысы келесідей:

1-орын: Абылқайыр Әділ-И – 213 тобының студенті. Тақырыбы: «Информатика және математика» кафедрасындағы компьютерлік кабинеттердің виртуалды 3D моделі, ғылыми жетекшісі- аға оқытушы Джакупова Б.Ы.

2-орын: Байсағымова Бақытжамал- И-217 тобының студенті. Тақырыбы: «Prezi.com-интерактивті мультимедиялық презентациялар», ғылыми жетекшісі-магистр Еркінбек Ә.Е.

2-орын: Ауелханов Қуаныш- И-117 тобының студенті. Тақырыбы: Разработка фрагмента информационно-телекомуникационной системы «Виртуальный компьютерный класс», ғылыми жетекшісі- оқытушы Айдын М.А.

3-орын: Нуракова Жұпар- И-211тобының студенті. Тақырыбы: «Программалау ортасында ақпараттық жүйені жобалау», ғылыми жетекшісі- Қайсанова Ж.Ж.

3-орын: Оралбаев Ардақ- И-213тобының студенті. Тақырыбы: «Delphi бағдарламалау ортасында кадрлар бөлімі мәліметтер қорын құру», ғылыми жетекшісі- оқытушы Белгібаева Л.Қ.

3-орын: Тлеуберген Ермек-студент группы И-311. Тақырыбы: «Camtasia Studio бағдарламасында видеомонтаж», ғылыми жетекшісі- магистр Мукушева Н.Ж.

«Үздік презентация» дипломымен 221 тобының студенті Сейткамзанова Гульнур марапатталды.

Сондай-ақ магистранттар мен доктаранттар марапатталды:

Бейсебаева Жадыра- «Үздік баяндама» мадақтамасы, МИ-221 тобының магистранты, тақырыбы: «DDOS ATTACKS:testing environment and protection».

Каленова Айжан-«Надежда в науке» мадақтамасы, МИ-121 тобының магистранты.

Алханова Гүлнұр- 2 дәрежелі диплом, 1 курс докторанты. Тақырыбы: «Қазақстанды цифрлауда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың болашағы».