Жаңалықтар

Қазақ филологиясы мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Х Республикалық пəндік олимпиадасы

Сəуір айының 5-6 жұлдызында Көкшетау қаласының Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде 5В020500 – Филология: қазақ филологиясы мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Х Республикалық пəндік олимпиадасы болып өтті. Бұл аталған олимпиадаға филология ғылымдарының кандидаты Кабышев Талғат Болатұлының жетекшілігімен «Филология»: қазақ филологиясы мамандығының 4 курс студенттері Мұхамедқалымова Шырай, Құсайын Меруерт, 3 курс студенті Жиенбаева Аяулым қатысып,өз білімдерін ортаға салды. Олимпиада соңында студенттеріміз алғыс хаттарымен марапатталды. Студенттерімізді жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, биіктерден көріне берулеріңізге тілектеспіз!