ЖаңалықтарТәжірибе

Құттықтаймыз! КазГЮИУ «Экономика» мамандығының студенті Секенова Еркежан ҚР Ұлттық экономика министрлігінде кәсіптік тәжірибені сәтті аяқтады!

2018 жылдың 15 қаңтарынан бастап 25 наурызына дейін «Экономика» мамандығының 4 курс студенті Секенова Еркежан ҚР ұлттық экономика министрлігінде  кәсіптік тәжірибеден өтті. Кәсіби практиканың нәтижесінде ол «өте жақсы» деп бағаланды. Құттықтаймыз!

Секенова Еркежан

«Мен, Секенова Еркежан, «Экономика» мамандығының 4 курс студентімін. 15.01.18-25.03.18 аралығында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінде тәжірибеден өттім. Оқу жүйесінде тәжірибеден өту маңызды болып табылады. Тәжірибе болашақ жұмысқа дайындығымызды бағалау үшін, біздің теориялық білімдерімізді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Тәжірибе өту барысында мен экономисттің жалпы жұмысымен таныстым, экономикалық сұрақтарды шешу саласында икемді үйрендім, құжаттық есептеуді үйрендім. Сонымен қоса, ақпараттық-құқықтық жүйесімен, маңызды келіссөздерді жүргізуге және құжаттармен жұмыс істеуді үйрендім. Мен үшін бұл тәжірибе өте пайдалы өтті. Өз жұмысымен толық танысқысы келген студенттерге, керемет мүмкіндіктерді берген үшін КазГЮИУ және Ұлттық экономика министрлігіне ризашылығымды білдіремін».