ЖаңалықтарТәжірибе

Құттықтаймыз! КазГЮИУ «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенті Тасқынбаев Аманбек «Казконтент» АҚ кәсіптік тәжірибені сәтті аяқтады!

2018 жылдың 15 қаңтарынан бастап 25 наурызына дейін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенті Тасқынбаев Аманбек «Казконтент»  АҚ кәсіптік тәжірибеден өтті. Кәсіби практиканың нәтижесінде ол «өте жақсы» деп бағаланды. Құттықтаймыз!

Тасқынбаев Аманбек:

«Мен «Казконтент» АҚ тәжірибе өттім. Тәжірибе мен үшін өте пайдалы болды. Мен веб-қолданбалы бағдарламаны жасау саласында көп тәжірибені үйрендім, laravel мен баш фреймворк php-да код енгізуді, сонымен қоса серверді кескіндеуді үйрендім. «Казконтент» АҚ ішкі құрылысын көру, компанияның ішкі құрылыммен танысу мен үшін өте керемет болды. Менде жақсы менторлар болды, түсініксіз жағдайларда маған көмектерін берді. Мен Макрашев Бисен жетекшімді ерекше атағым келеді, ол кез келген уақытта көмек көрсетуге дайын болған және керекті нәрселерді салмақты түсіндірген. Мен өте ұйымшыл ұжымда жұмыс істедім. Менің жұмыс уақытым өткен жерде, «Kaztube» бөліміне рахмет айтқым келеді. Осы мүмкіншілікті берген КазГЮИУ-ға үлкен алғысымды білдіремін».