Жаңалықтар

Университетіміздің құрылғанына 20 жыл толуына орай гуманитарлық факультетте ғылыми апталық аясында ашық сабақтар өткізілді.

Университетіміздің құрылғанына 20 жыл толуына орай гуманитарлық факультетте ғылыми апталық аясында ашық сабақтар өткізілді. 9 сәуір күні, сағат 11:15те, 24 дәрісханада «Шығыс Қазақстан ономастикалық кеңістігі – ұлттық код пен рух жаңғыруының көрінісі (Тарбағатай, Аягөз, Үржар аудандары топонимикалық атаулары негізінде)» тақырыбындағы ашық дәріс сабағын гуманитарлық факультет деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейітова Шынар Ботайқызы өткізсе, сағат 14:00 де ашық дәріс сабағын филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мұқажанова Раушан Мұратханқызы «Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов (М.Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына байланысты)» тақырыбында жүргізді.Бұл дәрістерге оқытушылар мен студенттер қатысып, өз сұрақтарын қойып, тың ақпараттар мен қызықты мәліметтерге қанықты.