ЖаңалықтарКазГЮИУ бизнес инкубаторы

КазГЮИУ-ге Семей қаласы әкімдігінің білім бөлімінен Алғыс хат түсті

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының 2018 жылғы 10 қаңтарында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» бойынша білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.

2018 жылғы 8 қаңтар мен 17 наурыз аралығында Қазақ  инновациялық гуманитарлық- заң университеті және «Жас заңгерлер достастығы» Қоғамдық Қоры Семей қаласы білім басқармасының қолдауымен Семей қаласының 16 мектептерінің оқушыларына құқықтық  семинар- тренингтер өткізді.

«Әлеуметтік желідегі құқықтық жауапкершілік» атты семинар- тренингке 1047 оқушылар қатысты.

«Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтар» атты семинар- тренингке 1100 оқушылар қатысты.

Келесі 2018-2019 оқу жылында осындай іс-шаралар Семей қаласының басқа мектептерінде болады.