ЖаңалықтарЖұмысқа орналастыру

ШҚО қалалар мен аудандар күндері шеңберінде КазГЮИУ-де бос орындар жәрмеңкесі өтті

2018 жылғы 11 сәуірде жоғары оқу орындарының негізіндегі ШҚО қалалар мен аудандар күні шеңберінде КазГЮИУ-де бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Осы іс-шара жастар арасында еңбек нарығында басымды мамандықтарды насихаттауға және өңірдегі жұмыс мәселелерді шешуге бағытталды.

Іс-шара барысында қала/аудан әкімдерінің орынбасарлары басқаратын арнайы жұмыс топ студент-түлектермен кездесу өткізді.

Әрі қарай, студент-түлектер өз түйіндемелерін ұсынып, ШҚО  6 өңірінің (Риддер қ., Зайсан, Қатон-Қарағай, Күршім, Ұлан, Шемонаиха ауданы) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық, денсаулық бөлім өкілдерімен сұхбат жүргізді.