Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

2018 жылдың 12 сәуірінде 5В070100 -«Биотехнология» мамандығының студенттері Токтасынова Айша (И-324 тобы) және Мухамадиева Анар (И-323 тобы) Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев Еуразия ұлттық университетінде өткен «Ғылым және білім – 2018»  атты ХІІІ халықаралық ғылыми конференциясында жүлделі орындар алды.

Токтасынова Айша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, биология ғылымдарының магистрі Иващенко О.В.)

Мухамадиева Анар ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекшілері: б.ғ.к., доцент Силыбаева Б.М. және б.ғ.к., доцент Кыдырмолдина А.Ш.