Жаңалықтар

«ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ ЗАМАН ТАЛАБЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР

2018 жыл 13 сәуірде  Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бас ғимаратында «Латын әліпбиіне көшу заман талабы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарды ұйымдастырудағы мақсатымыз – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде  қазақ жазуын латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығы, қазақ тілінің ұлттық ерекшелігін сақтап қалудағы ықпалы, әлеуметтік-лингвистикалық ерекшелігі, ғаламдану жағдайында Қазақстан Респуликасының әлемдік аренаға шығуына латын әліпбиінің рөлі туралы ой бөлісу және Латын әліпбиінің ең тиімді нұсқасын талқылау.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарда  Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің  профессоры, ф.ғ.д. Жақыпов Жантас Алтайұлы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. Кәріпжанова Гүлназ Төкенқызы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. Әлімхан Айгүл Әсетқызы баяндама жасады

Семинар барысында Латын әліпбиіне көшу – заман талабы, Рухани жаңғыру және қазақ жазуы, қазақ жазуын реформалаудағы әлеуметтік-лингвистикалық мәселелер, латын әліпбиінің ең тиімді нұсқасы, латын әліпбиін өңдеуге және толықтыруға  ұсыныстар талқыланды.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарға Семей қаласындағы Жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, білім бөлімінің, Ішкі саясат бөлімінің мамандары, қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.