ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

Хабарландыру

Құрметті студенттер!

 Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша  Қаржы және басқару жоғары мектебіенде  2018-2019 оқу жылының 1  семестрінде оқуға баруға арналған сайысқа қатысуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 5В060200 «Информатика», 5В070300 «Ақпараттық жүйе», 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдаламалық қамтамасыз ету» мамандықтарында  білім алушыларға құжаттар қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Қатысушыларға арналған шарттар:

  1. Сайыс қатысушысы мемлекеттік тапсырыс бойынша бакалавриат студенті болуы қажет;
  2. Қатысушы академиялық оқу кезеңін толық аяқтауы қажет ( 2,3 курс студенттері);

Үміткерлерді іріктеу үшін іріктеу кезеңінің келесі көрсеткіштері:

  1. Орташа оқу үлгерімі
  2. Ағымдағы академиялық оқу кезеңінің көрсеткіші
  3. Студенттің ғылыми жетістіктері
  4. Мәліметтер базасын ойлап шығару және бағламалау бойынша ғылыми жобаларды қорғау ескеріледі.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы  бойынша оқуға қажетті құжаттар тізімі:

  1. http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011195#z210 формасы бойынша өтініш;
  2. Жеке куәлік немесе ұлттық паспорт көшірмесі;
  3. Ұсыныс хат;
  4. Алғыс хат, мадақтама, сертификат, диплом көшірмелері;
  5. Ағылшын тілінің деңгейін растайтын сертификат (IELTS,TOEFL,HSK);
  6. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086-У формасындағы медициналық анықтама.

 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 30 сәуір, сағат 17.00 дейін

 Толық ақпаратты алу үшін:

Білім бағдарламаларын  интернационалдау орталығы

Ленина көшесі 11,Бас ғимарат

4 қабат, 23 кабинет

Мусабаева Аяулы

Тел. +7 (722)2360363(ішкі нөмір 124)

Ұялы тел.+77076591275

Illuminated building of Medical University in Bialystok, Blue hour example fot photographers