Жаңалықтар

«Информатика» мамандығының ерікті-студенттер тобы «Кедергісіз келешек» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға компьютерлік сауат ашу курсын ұйымдастырды.

Ақпан айының 1-ші жұлдызынан бастап «Информатика және математика» кафедрасының И-211 тобының ерікті-студенттері: Какен Бейбарыс, Зейнел Бауыржан, Нуракова Жұпар Семей қ. «Асыл» қоғамдық бірлестігінде мүмкіндігі шектеулі жандарға компьютерлік сауаттылық курсын өткізіп жүр.

Мұндағы, басты мақсат: мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімдеу, жаңа технологиялармен таныстыру, ақпаратты – коммуникативті технологиялармен (АКТ) жабдықталған заманауи кəсіпорындарға жұмысқа орналасуына кедергісіз ортаны құру болып табылады.