ЖаңалықтарКәсіптік бағдар

Тарбағатай ауданында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді

2-6 сәуір аралығы 2018 ж. КазГЮИУ мамандары Тарбағатай ауданының мектеп түлектеріне  кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізді.

КазГЮИУ мамандары Тарбағатай ауданының мектеп түлектеріне  кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізді.

Аталған шараға маркетинг бөлімінің басшысы Бауыржанов Рымбек Бауыржанұлы, кәсіптік бағдар беру жұмыстарының маманы Даниянова Айман Қайратқызы, «КазГЮИУ бизнес инкубатор» орталығының жетекшісі Смагулов Диас Ернұрұлы және        1- ші курс студенттері қатысты.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының мақсаты- бітіруші түлекке мамандықты дұрыс таңдау жолдарын көрсету, келешек ұрпаққа бағыт- бағдар беру.

Бағдар беру жұмыстары Тарбағатай ауданынының Жәнтікей, Көкжыра, Екпін ауылдарында жүргізілді. Бітіруші түлектер саны 200- ден астам.

Мектеп оқушылары оқу орындары, мемлекеттік грант жайлы сұрақ қойып, білімге деген қызығушылықтарын білдірді.

Аудандар мен ауылдарда жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысы жыл сайын өз жалғасын табуда.