ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

КазГЮИУ Болгария мемлекетімен ынтымақтастықты жалғастыруда

Соңғы үш жыл аралығында КазГЮИУ Болгария мемлекетінің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Қазіргі таңда КазГЮИУ Климент охридски атындағы София университеті, Орман-шаруашылық университеті, Жаңа Болгария университеті, Варна Еркін университеті, Варна менеджмент университеті, Варна экономикалық университеті және т.с.с. Болгария мемлекетінің 9  оқу орнымен  серіктестікті жүзеге асырып отыр. Аталған жоғары оқу орындарымен оқытушылар мен студенттерге арналған академиялық ұтқырлық  бағытында бірлескен білім бағдарарламаларын дамытуды.

Сәуір айының 11-нен психология ғылымдарының докторы, профессор Илиева Снежана «Ұйымдарды басқару және психология негіздері» пәні бойынша КазГЮИУ докторанттарына арналған дәріс курстарын және «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған тәжірибелік тренинг курстарын өткізді.

Профессор Снежана Илиева – Климент Охридски атындағы София Университетінің жанжалды басқару және ұйымдастыру бойынша зерттеу орталығының директоры, сондай-ақ «Еңбек және ұйымдастыру психологиясы» , «Ұйымдастыру психологиясы және мәдениетаралық басқару» магистрлік бағдарламаларының  жетекшісі.

Профессор Илиева Снежана қызметкерді ынталандыру, стресстік менеджмент, көшбасшылық және жанжалдарды басқару саласында көптеген жарияланымдарға ие.

13 сәуір күні КазГЮИУ базасында профессор Илиева Снежана «Білім берудегі оң басқарудың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында Семей қаласының мектептері мен колледж оқытушыларына арналған семинар-тренинг өткізді.

Білім беру жүйесіндегі басқарудың келесі психологиялық аспектілері талқыланды:

– Мектепте оң басқарудың ерекшеліктері. Оңтайлы жұмыс климатын қалыптастыруда мектеп директорының рөлі;

– Білім берудегі көшбасшылық;

– Жұмысқа оң көзқарас қалыптастыру және оқытушылардың жұмысын қанағаттандыру;

– Психологиялық капиталды дамыту және мектеп қызметкерлері мен оқытушылардың потенциалы.