Жаңалықтар

Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ

Абай атындағы кітапханада 18 сәуір күні Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды. Шараны қала әкімінің орынбасары Н.В.Шарова бастап ашып, Елбасының жаңа туындысы -ел  Тәуелсіздігінің хроникасы  іспеттес, 26 жыл ішіндегі оқиғаларды түрлі фактілермен талдап түсіндірген  маңызды еңбек. Отандық және шетелдік қалың оқырманды қызықтырар туынды екендігін атап өтті.

Кітаптың тұсаукесерін заң ғылымдарының докторы, ҚазИГЗУ-нің Ғылыми жұмыс және жаңа технологияларды коммерциализациялау жөніндегі проректоры  Матаева Майгүл Хафизқызы жүргізіп, кітапқа жалпы шолу жасады.

Елбасының жаңа туындысын талқылауға арналған тарихи-танымдық шараға Семей қаласындағы ЖОО-ның ғалымдары қатысып, еліміздің даму үлгісі мен маңыздылығын, даму эвалюциясы мен басты ұстанымдарын терең таныстырып, түсіндірді.

Кітаптың тұсаукесеріне Семей  қаласының жоғарғы  оқу  орындарының  ғалымдыры, профессорлары, оқытушылары  қатысты. Ары  қарай  кітаптқа ғалымдар пікірлері  білдірілді. Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор М.М.Түйебаев:

«– Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы егеменді Қазақстан мемлекетінің ширек ғасырдан астам тарихын саяси-әлеуметтік, философиялық тұрғыдан жан-жақты баяндаған, мемлекеттілікті нығайтудың «Қазақстандық даму» үлгісінің табиғаты мен мәнін ашқан, тағылымдық, тәрбиелік маңызы зор еңбек. Туынды әрбір қазақстандыққа рухани жаңғыруды өзінен бастау керек деген ой салады. «Мәңгілік қазақ елінің» болашағы тәуелсіздік дәуірінде қол жеткен жетістіктерімізді жаһандану кезеңінде бәсекелестікке қабілетті, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосып, мемлекеттілігімізді нығайтып, заман талабына сай ұлттық санамызды, ойлау жүйемізді дамыту қажет дегенді мегзейді»- деді.

Кітаптың  тұсау  кесеріне  қатысушылар Қ Р Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  тәуелсіздік  жылдары  жазылған «Тәуелсіздік  дәуірі» атты    кітап көрмесімен танысты.  «Тәуелсіздік  дәуірі» кітабын  Абай  атындағы  кітапханадан алып оқуға болады.