ЖаңалықтарКазГЮИУ бизнес инкубаторы

«КазГЮИУ бизнес инкубатор» орталығы жобаларының презентациясы

2018 жылғы 12 сәуірінде КазГЮИУ студенттік бизнес инкубаторында, университетіміздің 20 жылдығына орай Ғылым декадасы аясында «ЖОО стартап: КазГЮИУ бизнес инкубаторының инновациялы студенттік жобалар» атты іс-шара өтті. Студенттер қазіргі кезде жұмыс жасап тұрған жобаларын таныстырды:

« BannerBag » жобасы

Иыққа асып жүруге арналған сумкалар, әр түрлі форматтағы пеналдар, қапшықтар, жаңбырлы күнге арналған киім және т.б. осының барлығы қарапайым жарнама баннерларынан жасауға болады. Жоба барысында студенттер жаңа білім және үлкен қадамға аяқ басты, және бұл жоба экологиялық тұрғыдан өте ұтымды болды. Осы жоба арқылы студенттер қолданылған заттарға «жаңа тыныс» береді.

«Bene» жобасы

Студенттер алдын ала тігіншіліктің барлық қыр сырын «Баязит» тігін фабрикасында үйренген болатын. Кейін сол білімдерін бенефициарға үйретті. «Bene» жобасы халықты тек қана арзан және сапалы киімдермен қамтамасыз етіп қоймай , жағымсыз текстильді қалдықтардан экологияны сақтайды.

«Ecoline» жобасы.

Сабын шығару. Бұл ойдың басты ерекшелігі , сабын құрамында аты шулы «қара маска» құрамындағы белсендірілген көмір бар, бірақ басты артықшылығы бұл сабын бет терісін жұмсартып қара дақтардан тазартады.

«EnergySolar» жобасы

Күн коллекторы – бұл тегін әрі экологиялық таза энергияның көзі. Студенттер сыра банкаларынан жасаған күн коллекторларын көрсетіп, оңың қалай ауаны жылытатынын көрсетті. Бұд жылу генераторы ғимараттың шатырында немесе қабырғада құрылуы мүмкін. Бұл жылу генераторының жұмыс нәтижесінде 15 – 45с ға жететін ауа температурасын береді.

«КазГЮИУ бизнес инкубатор» орталығы Enactus КазГЮИУ командасына жетекшілік етеді, сондай ақ команда 2018 жылдың 25-26 сәуір күндері Астана қаласындағы стартап және инновация, студенттік кәсіпкерліктің Ұлттық кубогында өздерінің «RENOVATION», ЕСКІ ЖАҢАҒА АЙНАЛАДЫ атты жобасын таныстырады.