Жаңалықтар

Әскери кафедрадағы «Ашық есік» күні

2018 жыл 19 сәуірінде Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің 20-жылдық мерейтойына арналып әскери кафедрада студенттерінің қатысуымен әскери оқу-жаттығулар түрлерінен ұйымдастырудан көрсетілім сабақтары өтті.

Әскери кафедра студенттерінің шеберлігін бағалауға Семей қаласының әкімшілігінің, «Шығыс» ӨҚ басқармасының, Семей қаласы қорғаныс істері Басқармасы, Семей гарнизонының әскери бөлімдері, қаланың  білім ұйымдары,  «Жас Ұлан» лицейі өкілдері, флот және армия ардагерлері, әскери кафедраға түсуге талапкер студенттер келді.

Соғыс жылдарындағы өлеңдер және Қазақстан Республикасының қазіргі армияның әндері қонақтарға мерекелік көңі-күй сыйлады.

Оқу взводтары саптық жүріп өту шеберліктерін, қоян-қолтық ұрыстың элементтерін көрсетті.

Қонақтарға, бірінші курс студенттерінің саптық жаттығуларды қарусыз және АК-74 автоматтарымен  көрсетілген дефиле, офицерлік бальс, гимнастикалық қалашықтағы сабақтар, таңертеңгі дене дайындығы бойынша жаттығулар көрсетілімі  ұнады.

Студенттердің тактикалық және саптық жаттығуларды орындау барысындағы шеберліктері қонақтардың көңілінен шықты.

Артиллерия оқу есептерінің көрсетілім шаралары жабық ату шебінде қарсылас танкіге шабуыл жасауды бейнеленді.

Іс-шара әскери оқу орнының бірінші курс студенттерінің АТБ (атлеттілік-табандылық-батылдық) жолын жүріп өту көрінісімен жалғасты. Студенттер оқу ұрысының алаңында қарумен орындалатын жаттығуларды, оқ-дәрі жәшіктерін тасымалдауды, отты шығыршықтан секіруді, қоршалған сымды аумақтан, автокөлік дөңгелектерінің үйіндісінен өтіп, гранатаны алысқа дәлдеп лақтырды, «жаралыларға» алғашқы медициналық көмек көрсетілді.