ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

«Серпін іскерлері» қоғамдық бірлестігі Тарханы тағайындалды

Ағымдағы жылдың сәуір айының 20-шы жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының «Серпін іскерлері» қоғамдық бірлестігінің сардарларының бас қосуы болып өтті. Бас қосудың басты мақсаты – Семей қаласының «Серпін іскерлері» қоғамдық бірлестігінің  тарханын тағайындау. Тархан лауазымына Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң  университетінің  2-курс студенті, Семей қалалық  жастар маслихатының  депутаты – Кенжаев Абзал тағайындалды. Жаңа тағайындалған Тархан оқу орындарының  сардарларымен алда болатын  іс- шараларды талқылап, жаңа жоспарлар құрды. Жаңа басшыға жауапты қызметте толағай табыстар тілейміз!