ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! КазГЮИУ студенті Байтілеуова Лаура «Менің лингвистикалық капиталым» атты қалалық конкурсында бас жүлдені жеңіп алды

2018 жыл 23 сәуірінде ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көптілділікті, қазақстандық рухани бірлікті дамыту мақсатында ел ордасы Астананың 20 жылдық мерейтойына орай үш тілді еркін меңгерген елорда құрдастарының арасында өткен «Менің лингвистикалық капиталым» атты қалалық конкурсында Бас жүлдені жеңіп алғаны үшін, «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенті  Байтілеуова Лаура бөлім басшысының арнайы дипломымен марапатталып, облыстық байқауға жолдама алды.  Университетіміздің намысын қорғап шыққан студентімізді шын жүректен құттықтаймыз!