Жаңалықтар

КазГЮИУ – КузГТУ: халықаралық ғылыми және білім беру кеңістігі

2018 жылдың 24 мен 27 сәуір аралығында 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенті Нугербекова Айнур Асхатқызы Кузбасс мемлекеттік техникалық университетінің жас ғалымдардың «Россия Молодая» атты X-Бүкілресейлік 63-ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты (Кемерово қ-сы.)  Конференция қорытындысы бойынша «Қазіргі Ресейдің макроэкономикалық және аймақтық мәселелері» секциясында Нугербекова Айнұр жүлделі орынға ие болып, халықаралық қатысудан бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сондай-ақ, 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының Э-321 тобының студенттері Ербол Бақытжан, Манарбекова Амангуль, Оразбаева Меруерт академиялық ұтқырлық бағдарламасымен 38.03.04 «Мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандығы бойынша Кузбасс мемлекеттік техникалық университетінің «Экономика және менеджмент» институтында ғылыми тағылымдамадан өтті және тиісті сертификаттар алды.